Жылдың үздік педагогі » Б.Момышұлы атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жылдың үздік педагогі
05
январь
2024

Жылдың үздік педагогі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқына жолдауында өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі етуіміз керек, оларға идеал болатын тұлғаларды көрсетуіміз қажет деп атап өткендей, ұстаздарымыздың  білім мен ғылым саласында атқарған көп жылғы еңбектері, жеткен жетістіктері үлгі, өнеге. 
2023 жылдың 25 қараша күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы білім басқармасы №519 бұйрығы негізінде, «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен «Жылдың үздік педагогі» атты республикалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтері арасында байланыс орнату және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерді анықтау. «Жылдың үздік педагогі» атты республикалық байқауына біз «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары қатысып, бірінші кезеңнен өтіп,  2-ші кезеңіне жолдама алдық. Астана қаласында өтетін «Жылдың үздік педагогі» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылдық. 2023 жылы 15-ші желтоқсан күні Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік педагогі»  атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-зерттеуші, тарих пәнінің мұғалімі мен Ауесбаева Майра Абдракимовна, педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі Кабакаева Айгуль Уалхановна, педагог-зерттеуші, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Илиева Гульжахрам Абдумуталиповна І дәрежелі дипломмен және «Жылдың үздік педагогі» атты төсбелгісімен марапатталдық, «Жылдың үздік педагогі» статуэткасы берілді. Сонымен қатар педагогке қолдау көрсеткені үшін «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сопиев Мурат Токтасынович алғыс хатпен марапатталды. 
Биылғы жыл біз үшін өте маңызды, жетістіктерге толы жыл болды. Жылдың қорытындысы ретінде осындай марапатқа ие болдық! Ұстаздарымыздың өлшеусіз еңбегін ескерген ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына, қазылар алқасының шешімімен жұмысымызды талапқа сай деп, педагогикалық еңбек жолымызда жеткен жетістіктерімізді  бағалағаны үшін алғысымыз шексіз!
 «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық                                         мемлекеттік мекемесінің педагог-зерттеуші,                                                                                    тарих пәнінің мұғалімі  Майра Ауесбаева








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив