14
февраль
2024
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
Жетісу облысы, Панфилов ауданы "Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы МДШО" КММ-де "Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай және Ауған ардагерлерін ұлықтап, жастарға патриоттық тəрбие беру, ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің ерлігін паш ету арқылы өскелең ұрпақты ел қорғаны болуға үндеп, отансүйгіштікке тəрбиелеу мақсатында «Ауған асуында от кешкендер» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға ауған соғысы ардагерлері Мергенбаев Нуржан Русланович, Шамиев Турсун Касымулы, Калиаскаров Батырбек Бодахунович сынды ағаларымыз және Қараспан ауыл округі тұрғындары қатысты..
Алдымен мектеп - гимназия директоры Сопиев Мұрат Тоқтасынұлы игі тілегін білдіріп, жастық шақтарын сұрапыл соғыс даласында өткізген қаһарман жауынгерлерге алғыс білдірді.
Шара барысында ең бірінші Ауесбаева Майра Абдракимовна ұйымдастыруымен көркемөнерпаздар ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, өз өнерлерін паш етті. Ардагерлерге сұрақтар қойылып, ауған соғысы жайлы мәліметтер айтылды.
Ауған асуында от кешкендер